Алматыда троллейбус өртенді
2022 жылғы 24 маусым 20:26

Алматыда троллейбус өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өртеніп жатқан троллейбустың видеосы желіде тарады.

«АлматыЭлектроТранс» ЖШС-ның мәліметінше, жүргізушіден №12-ші троллейбустың өртенгені туралы хабарлама сағат 14.55-те түскен.

«Көліктің төбесі жанды (төменвольтты зарядтау құрылғысы). Жүргізуші өрт сөндірушілер келгенше, өртті өзі сөндіріп үлгерді. Кейін троллейбусты паркке сүйреп әкетті. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады компанияда.

Еске салайық, бүгін Алматыда түстен кейін күн күркіреп, нөсер жауын жауды. Толассыз жауған жауын суы көшелердегі арықтарды толтырып, көшелерді су басты.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT