Алматыда троллейбус 4 көлікпен соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда троллейбус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол апаты күндіз 10:30-да болған. МАЗ көлігінің жүргізушісі Байзақов көшесімен оңтүстікке бағыт алып келе жатып троллейбустың тізбегін үзіп жіберген. Соның салдарынан троллейбус артқа жылжып кетіп 4 көлікпен соқтығысқан. Олардың біреуі артта келе жатқан, қалған үшеуі жол шетінде тұрақта тұрған»,- деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Жол апатынан ешкім жарақат алған жоқ. Бұл дерек Алмалы аудандық ПБ тексеруіне жатыр.


Соңғы жаңалықтар