Алматыда триатлон маусымы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы Арена» спорт кешенінде триатлон маусымы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6-23 жас аралығындағы 120 спортшы жеті жас санатында сынға түсті. 5-12 жас аралығындағы жас атлеттер «Акватлон» (жүзу 500 м дейін, жүгіру 1 км дейін) қашықтығында, жасы үлкенірек спортшылар «Триатлон-суперспринт» (жүзу 300 м, вело 8 км, жүгіру 2 км) қашықтығында жарысты.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Алматы триатлон федерациясы, Қазақстан триатлон федерациясы, «Бірінші болу батылдық» КҚ, Алматы қаласының спорт басқармасы, Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясы, World Class Almaty триатлон мектебі, Дмитрий Гааг атындағы триатлон мектебі.
null

«Мұндай іс-шараларды бір жыл бұрын өткізуді бастадық. Үлкен қалада триатлонды дәріптеу үшін бұл қысқа мерзім. Дегенмен, кейбір қорытындыларды жасауға болады. Өткен көктемде 80 атлетті ғана жинаған болсақ, бұл жолы бір жарым есе көп спортшы тіркелді. Қатысушылардың көпшілігі балалар болғаны да қуантарлы жағдай. Триатлон бүгінгі күні әлемдегі «заманауи» спорт түрлерінің бірі. Тек Алматының өзінде әртүрлі мектептерде 250-ден астам бала триатлонмен айналысады. Бұл өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш. Тұтастай алғанда, Қазақстан триатлон федерациясының атқарған еңбегі арқасында соңғы екі жылда еліміздің 11 өңірінде триатлон мектептері ашылды», - деді Алматы триатлон федерациясының атқарушы директоры Руслан Коғай.
null

Триатлоннан Алматы ашық чемпионатының жеңімпаздары: Дарын Төлеухан (5-6 жас), Ералы Сейітбек, Ульяна Шелкова (7-9 жас), Саид Назаров, Камилла Жуматова (10-12 жас), Егор Крупяков, Мерей Кенжебаева (13-15 жас), Александр Тен, Юлия Абдразакова (15-17 жас), Абзал Орынбек, Юлия Озерова (18-20 жас), Георгий Гахокидзе, Дарья Бычкова (21-23 жас).

null null

Соңғы жаңалықтар