Алматыда «Travel Express» инкассаторына шабуыл жасағандарға шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясының судьясы Федотова Ирина Алматыда «Travel Express» инкассаторына шабуыл жасағандарға шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Travel Express» инкассаторына шабуылдап, ондағыларды жер жастандырған үшеу сот үкімін жұмсартуды сұрап, апелляциялық шағым түсірген болатын.

Олар өз кезегінде 1-ші инстанциядағы сот үкімін «қатал» деп тауып, жазаны жұмсартуды сұраған.

Сондай-ақ, аталған дерек бойынша кінәлі деп танылған Хаваж Мұхадинов - 20 жылға, Андрей Танаков - 19 жылға, Сергей Авдяков 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясының судьясы Федотова Ирина алдыңғы сот үкімін өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағымды қабылдамау туралы шешім шығарды.

2013 жылдың 26 қыркүйегінде Хаваж Мұхадинов пен Андрей Танаков «Travel Express» компаниясының қомақты қаржы тасымалдап жүрген инкассаторларына қарулы шабуыл жасаған болатын. Аталған компания әуе, темір жол билеттерін сатумен айналысады. Қызметкерлердің бірі Олег Крылов оқиға орнында қаза болса, екіншісі А.Сивченко жараланып, ауруханаға түскен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, үш күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар