Алматыда Трансформер жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағы демалуға келген балаларға үлкен тосын сый әзірледі.

Астана күні қарсаңында саябақта Трансформер, «Жұлдызды соғыс» кейіпкері Дарт Вейдер, «Чужой» фильмінің кейіпкерлері серуендеп жүр. Кішкентай келушілер олармен бірге суретке түсіп, «Зумбо» биін билеп шат-шадыман болуда.

Сонымен қатар, алматылықтар Астанаға деген құттықтауын зеңгір көкке ұшырды.

Халық толтырған ең үлкен құттықтау қағазын аспанға дирижабль көтерді.

Ал, ерлер арасындағы ең мықтыны анықтауға мүмкіндік беретін «АРМаТУРа» сайысы әлі жалғасуда.

Таңғы 10-да басталған қызу додада алматылық жігіттер қол күресінен, армлифтинг, арм файт, кір көтеру, қызды иығына отырғызып жерден серпілу т.б. 10 спорттық ойын түрі бойынша бақ сынасуда. Топ жарғандар жаңадан ашылған рекордтар кітабынан құрметті орын алатын болады.

Сондай-ақ зілтемірді 100 келіден артық салмақта бағындырған жігіттер «100+» ерлер клубына мүшелікке өтеді.

«Жақсы нәтиже көрсеткендер финалға шығып, әкімнің кубогы үшін бақ сынайтын болады. Сондай-ақ таза күмістен құйылған «АРМАаТура» белгісі бар сақинаға ие болады», - деді ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар