Алматыда трамвайдың қатысымен болған апаттан жапа шеккендер саны 5 адамға жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда трамвайдың қатысымен болған апаттан жапа шеккендердің саны 5 адамға дейін жетті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты.

Қалалық ауруханалардың біріне медициналық көмек алу үшін көлік жүргізушісінің өзі де келген.

1983 жылы туылған әйел вагондарды тоқтатуға тырысып жатқан кезінде жарақат алған болып шықты.

С.Әзірбектің айтуынша, ол стажер емес, бұрыннан еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі қызметкер екен.

Жол апаты бүгін Байтұрсынов пен Қарасай көшелерінің қиылысында орын алған. Байтұрсынов көшесімен құлдилаған темір вагондар жолындағы 14 машинаны сүріп кеткен. Оқиға орнында болған интернет қолданушыларының көбі трамвайдың тежегіші істен шыққан деген болжам айтуда.

Айта кету керек, жол-көлік оқиғасы қазір ҚР ҚК 345-бабының 1-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда.

Оқыс оқиға салдарынан 5 адам жапа шекті. Жол апатының мән-жайы арнайы сараптамалардың қорытындысынан кейін белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар