Алматыда трамвайдың апатқа ұшырау себебі белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматыэлектротранс» трамвайдың апатқа ұшырауы жайында түсініктеме берді.

«Жеңіл рельсті көліктің апатты түрде тоқтауына салонда шыққан күйіктің иісі себеп болған. Шевченко көшесінің бойымен Наурызбай көшесіне таяғанда салонда күйіктің иісі шығып, жүргізуші көлікті шұғыл тоқтатқан. Шұғыл түрде жолаушылар да көліктен шығарылған. Соңынан белгілі болғандай, төтенше жағдай барысында екінші арбадағы мотордан түтін шығады. Өрт сөндіру құралдарының арқасында от тұтанып үлгерген жоқ. Жол полициясы трамвайды жолдан алуды бұйырған соң жүргізуші оны өздігінен қозғалтуға тырысқан»,- деді компанияның баспасөз қызметінен.

Сол мезетте жол апаты орын алды.

Компания өкілдерінің мəлімдеуінше, Алматы ауданаралық əкімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың шешімінен соң «Альянс Полис» сақтандыру компаниясы жапа шеккендерге барлық шығындарын өтеп береді.

Соңғы жаңалықтар