Алматыда трамвай мен 14 көліктің соқтығысу оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда трамвай 14 көлікпен соқтығысты. Аталған дерек бойынша полиция тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты 13 қазанда кешкі 8 шамасында орын алған. Мақатаев көшесімен батысқа бағыт алған №6 маршрутты жеңіл рельсті көлік Сейфуллин көшесімен қиылыста 11 көлікті соғып кеткен. Жүйткіген күйі тоқтамаған темір вагон Байтұрсынов көшесімен қиылыста тағы 3 көлікті жайпап кетті.

Жол апатына куә болғандардың айтуынша, трамвай жүрісінде ақау болған соң жүргізуші ақауды жөндеу үшін сыртқа шығып кеткен. Кейін жүргізуші іштегі жолаушылардың бірінен тежегіш тетігін басуын өтінген. Ол шатастырып, газды басып жіберген соң көлік төмен қарай жүйтки жөнелді. Тек жолаушылардың бірі тежегішті тауып басқан соң ғана көлік тоқтады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар