Алматыда трамплиннен шаңғымен секіру бойынша Гран-при жүлдесінің жазғы кезеңінің жеңімпаздары анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда трамплиннен шаңғымен секіру бойынша өтетін Әлем Кубогының жарыстары жалғасып жатыр. Бүгін ерлер арасындағы Гран-при жүлдесінің жазғы кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы «Универсиада 2017» ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы айналымда швейцариялық Грегор Дешванден 134,5 м қашықтыққа секіріп үздік нәтиже көрсетті. Оның ізінен норвегиялық Филипп Шоен 131,5 м қашықтықты, жапониялық Такеучи - 132 м қашықтықты, Кенто Сакуяма 133,5 м қашықтықты бағындырды.

Екінші айналым бойынша өзгелерден Йерней Дамьян қара үзді. Екінші болып Грегор Дешванден келді.

Әйелдер арасында 17 жасар Сара Таканаши 3 раунд бойынша да үздік нәтиже көрсетіп, өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Үшінші орынға ресейлік Ирина Авакумова табан тіреді.

Жарыстың басты ұйымдастырушысы «Универсиада Алматы 2017» атқарушы дирекциясы, Қазақстанның шаңғылық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР трамплиннен шаңғымен секіру Федерациясы. Жарыстың келесі кезеңі 28 қыркүйек пен 4 қазанда Хинценбах пен (Австрия) және Клингентал (Германия) қалаларында өтеді.

Соңғы жаңалықтар