Алматыда Toyota мен Lexus соқтығысып, 2 адам мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Toyota Land Cruiser Prado мен Lexus соқтығысып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты түнде Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado Lexus көлігімен соқтығысты.

«Бұл дерек бойынша қазір Алматы қалалық Полиция департаменті ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жол апатынан 27 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмса, 28 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды. Жарақат алған тағы екі жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды», - деді Полиция басқармасының баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар