Алматыда Toyota мен Lexus соқтығысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы орталығында Toyota мен Lexus соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Қазыбек би Шәріпов көшелерінің қиылысында болған. Шәріпов көшесімен солтүстікке бағыт алған Lexus-ты Toyota Camry көлігі келіп соққан. Белгілі болғандай Toyota Camry басты көшедегі көлікке жол бермеген.

Соққыдан Lexus көше жарығының бағаны мен жол белгісін қирата келе жол шетіне шығып кеткен.

Жол апатынан Camry жүргізушісі мен жолаушысы зардап шегіп, оларды жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.  Lexus көлігінде қауіпсіздік қапшығы ашылып, соның арқасында ешкім зардап шекпеді.





Жол оқиғасының мән-жайын полиция тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар