Алматыда «Toyota» «Газельге» соқтығысып 1 адам мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда болған жол апатында Toyota жүргізушісі Газельге соқтығысып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты солтүстік айналма жолында болған. Солтүстікке бағыт алған «Toyota Soarer» маркілі көлігінің жүргізушісі «Мизам» базарына қарама қарсы тұста көлік басқара алмай қалған. Жеңіл көлік заулап келіп жол шетіндегі «Газельге» соғылды.

Соққыдан жүргізуші отырған есік жапырылып қалып, Toyota жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Құтқарушыларға оның денесін алып шығу үшін есікті кесуге тура келді. Сонымен қатар, жолаушы қызды түрлі жарақаттармен №4 ауруханаға алып кетті.

Ал «Газель» ішінде адам болмаған. Ол қаттың соққының әсерімен жарықтандыру бағанын қақты.

Соңғы жаңалықтар