Алматыда той кортежінде ереже бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы той кортежінде ереже бұзған жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған видео әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде шыққан.

15 минуттық роликте той кортежі түсірілген.

«Элиталық автомобильдерден тұратын кортеж Абай көшесімен шығысқа бағыт алып келе жатқан. Олардың ішінде бір жүргізуші ерекше көзге түспек болған. «Рэндж Ровер» тізгіндеген 20 жастағы жігіт көлігін артымен жүргізген. Соны алдын ала жоспарлағандай, көлігіне мерзімі өтіп кеткен транзиттік нөмір қойған. Өз жүрісін видеоға түсірген. Кейін видео авторлары өздері желіге жүктеген. Жүргізушіге қатысты 3 әкімшілік хаттама толтырылды. Профилактикалық әңгіме жүргізілді»,- деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Атап айтқанда, жас жігіт ҚР ҚК 590-бабының 2-бөлімімен (нөмірсіз көлік жүргізу), ҚР ҚК 595-бабының 1 және 2 бөлімдерімен жауапқа тартылмақ. 

View this post on Instagram

Просто классика 😉Ждём видос с другого ракурса 👆

A post shared by Семья Kris P Brothers Almaty (@kris_p_brothers) on Oct 10, 2018 at 1:54am PDT

Соңғы жаңалықтар