Алматыда Төтенше жағдайлар орталығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Төтенше жағдайлар және апаттардың қаупін төмендету орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы өкілетті органдардың басшылары, дипломатиялық миссиялар, БҰҰ агенттіктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Қазақстан Республикасының ІІМ басшылығы атынан осындай орталықтың ашылуымен құттықтаймын.  Бұл туралы идея 2005 жылы туындаған.   Барлық халықаралық ұйымдар мен серіктестерімізге алғыс білдіремін. Өкінішке қарай, әлемдік статистика мен төтенше жағдайлар фактілері климаттық өзгерістерде табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны артады, осылайша материалдық залал келтіріліп, кейде адамдар шығынына соқтыратындығын көрсетіп отыр.  Сондықтан осындай орталықтың ашылуы Орталық Азияда әлдеқайда жұмылып жұмыс жасауға мүмкіндік береді», - деді ҚР ІІМ вице-министрі Юрий Ильин.


 




Соңғы жаңалықтар