Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғандардың жазасы жеңілдетілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы соты төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатысты қолданылатын жазаны жеңілдетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы сотында бүгінгі күнге дейін төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 71 материал (ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармағы, 1-бөлігі) қаралды.

Алматы аумағында сағат 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізіліп, төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат кезінде себепсіз көшеге шыққан қала тұрғындары Алматы полициясының қызметкерлеріне ұсталды. Бірінші сатыдағы сот барлық тәртіп бұзушыға айыппұл салды.

«Апелляциялық инстанция материалдарды қарап, аталған тұлғалардың барлығы өз кінәсін мойындағанын және бұрын әкімшілік жауапқа тартылмағанын, істеген істеріне өкініш білдіргенін анықтады. Бұл олардың кінәсін жеңілдетті»,- деп хабарлады соттан.

Осы мән-жайларды ескере отырып, Алматы қалалық соты аталған заң бұзушылардың барлығына жазаны жеңілдетіп, жазаны тек ескерту түрінде қалдырды.


Соңғы жаңалықтар