Алматыда төрт күнде 833 адам ревакцинациядан өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №22 емхана бас дәрігерінің орынбасары Ақерке Жомарт ревакцинацияның маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үшінші вакцина жаңа штамдардан қорғану үшін қандағы антиденелердің жеткілікті деңгейін дамытуға мүмкіндік береді. Уақыт өте келе вакцинацияланғандардың коронавирусқа иммундық реакциясы төмендейді, сондықтан 18 жастан асқан барлық азаматтар вакцинацияның екінші кезеңі енгізілгеннен кейін 6 немесе 9 айдан кейін үдеткіш дозаны алуы керек», - деді Ақерке Жомарт.

Дәрігердің айтуынша, халықтың ревакциналануы нәтижесінде коронавирусқа қатысты жағдай анағұрлым басқарылатын болады.

Сонымен қатар, ол вакцинация ағзаның иммунитетін әлсіретпейтінін тілге тиек етті.

«№ 22 емханада төрт күн ішінде вакцинаның үшінші дозасын шамамен 30 медицина қызметкері алды. Мен ақпан айында «Спутник V» препаратымен вакцинацияландым, екінші компонентті наурыз айында алдым, ал 24 қарашада отандық QazVac препаратымен ревакцинациядан өттім»,- дейді ол.

Алматыда барлығы 833 адам ревакциналанды.


Соңғы жаңалықтар