Алматыда төрт автобус пен бір троллейбустың бағыты уақытша өзгереді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 25 маусым мен 10 тамыз аралығында төрт автобус пен бір троллейбустың жүріс бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының көлік холдингі» компаниясы таратқан ақпаратқа сәйкес, Қожабеков көшесінде 25 маусым мен 10 тамыз аралығында бірнеше қоғамдық көлік қозғалыс бағытының сызбасы уақытша өзгереді.

Аталған көшеде жылу желілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты жолдың жүру бөлігі жабылады.

Қозғалыс бағыты өзгеретін қоғамдық көліктер:

№81 – оңтүстік бағытта – Розыбакиев көшесі – «Mega Alma-Ata-2» СОО соңғы аялдама. Солтүстік бағытта – «Mega Alma-Ata-2» СОО - Розыбақиев көшесі – Березовский көшесі - Гагарин даңғылына дейін барады. Әрі қарай сызба бойынша;

№98 – солтүстік бағытта – Розыбакиев – Березовский - Гагарин даңғылы бойымен жүреді. Әрі қарай сызба бойынша;

№30 – оңтүстік бағытта - Гагарин даңғылы - Березовский - Розыбакиев көшесімен жүреді;

№31 – оңтүстік бағытта-Гагарин даңғылы - Березовский - Розыбакиев көшесі - әрі қарай сызба бойынша;

№1 троллейбус - оңтүстік бағытта – Розыбакиев - Березовский - Гагарин даңғылы – Қожабеков көшесі соңғы нүктесі. Солтүстік бағытта – Қожабеков - Розыбакиев -Березовский -Гагарин даңғылы - әрі қарай сызба бойынша.


Соңғы жаңалықтар