Алматыда тонаушылықпен айналысқан топ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тонаушылықпен айналысты деген күдікпен 5 адам ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек айтты.

Қылмыстық топ мүшелерінің ең үлкені - 22, ең кішісі - 18 жаста. Олардың барлығы Алматы және Шымкент облыстарының тумалары екендігі анықталды. «Қазір аталған тұлғалардың барлығы тонаушылықпен әрі қарақшылық шабуылмен айналысқандарын мойындап отыр. Анықтау жұмыстарының нәтижесінде олардың Жетісу ауданындағы 5-6 тонаушылық қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Енді Түрксіб ауданындағы қылмыстарға қатыстарының бар-жоғы тексеріліп жатыр», - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек. Бүгінгі таңда күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар