Алматыда төлем терминалынан ақша жинаған кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда төлем терминалынан ақша жинаған жеке кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, жеке кәсіпкер инкассация кезінде қауіпсіздік шараларын толық қадағаламаған. Оның қасында қарулы күзет емес, туысқандары болса керек.

Травматикалық қаруды қолданған қылмыскерлер жігіттің 500 мың теңгесін қолды қылған. Аталған дерекке сәйкес ҚР ҚК 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір күдіктілерді табу үшін арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды.

Соңғы жаңалықтар