Алматыда төлем терминалдарын тонаған қылмыстық топ ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда төлем терминалдарын тонаған қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы полициясы мегаполистегі аудандарының бірінде арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде ірі дүкендердің кіреберісінде орнатылған төлем терминалдарын бұзып, сол жерден ақша ұрлаған екі ер адам ұсталды.
«Қылмыскелердің ізіне түсу үшін алдымен кешенді іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Күдіктілер - 31 жастағы Н. және 32 жастағы Ш. есімді азаматтар. Екеуі де бұрын мүліктік қылмысы үшін сотталған. Тергеу барысында олардың терминалдарды бұзу және сол жерден ақша ұрлаудың тоғыз эпизодына қатысы бар екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Спикердің айтуынша, күдіктілер адамдар көптеп баратын дүкендер мен сауда үйлерге орнатылған терминалдарды тонаған. Сатушылар клиенттерге қызмет көрсетумен айналысып жатқанда, ұрылар бірнеше минут ішінде төлем терминалдарындағы ақшаны үптеп кететін болған.
- Өскемен тұрғынынан 2 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
- Маңғыстауда бала зорлаған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылды
- Алматыда жол талғамайтын көлік «Сергек» камераларын алдамақ болған
- Алматылықтардың 39 пайызы коронавирусты қоғамдық орындарда жұқтырған
-
Цифрлық теледидарға қалай қосылуға болады
-
Мүгедек қыздың зорлануына қатысты шағым: Министрлік Шымкенттің әлеуметтік орталығын тексереді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам