+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда Төле би көшесінің екі бөлігі жабылады

2018 жылғы 23 тамыз 12:05
Бөлісіңіз:
Алматыда Төле би көшесінің екі бөлігі жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жылу жүйелеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты, Алматыдағы Төле би көшесінің екі бөлігі жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төле би көшесі бойында 25 тамыз таңғы 9-дан 27 тамыз таңғы 6-ға дейін Аносов көшесінен Тұрғыт Өзал көшесіне дейінге аралықта; 25 тамыз сағат 00-ден 27 тамыз сағат таңғы 6-ға дейін Отар көшесінен Саин көшесіне (солтүстік бөлігімен) дейін аралықта көлік қозғалысы шектеледі», - деп мәлім етті «Алматы жылу жүйелері» ЖШС баспасөз қызметі.

Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистралдық жылу жүйелерін жоспарлы түрде жөндеуге байланысты енгізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, Н.Назарбаев даңғылы бойынша орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты, 24 тамыз күнгі таңғы сағат 8-ге дейін Гоголь көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыдағы инженерлік жүйелердің жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына қарай аяқталады деп жоспарланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT