Алматыда Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолын қосуға 24 млрд. теңге жұмсалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Төле би мен Шығыс айналма жолы арасындағы көлік айналма жолын салуға 24 млрд. теңге жұмсалмақ. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында қалалық Автожолдар басқармасы басшысының орынбасары Ғани Мырзаханов айтты.

«Бұл жоба Төле би көшесін үңгілеу схемасына жатады. Жобаның құны 24 млрд. теңге. Негізінен қаржының 50 пайызы сол жердегі үйлерді сүруге, тұрғындарға өтемақы төлеуге бағытталады. Сонымен қатар, коммуникациялық желілерді қайта жүргізуге бөлінеді. Ал тек жолдың құрылысы 3 млрд теңгеге бағаланып отыр», - деді Ғани Мырзаханов.

Қалалық автожолдар басқармасының басшыларының айтуынша, құрылыс жұмыстары басталған кезде көлік қозғалысы қосымша жол арқылы жүзеге асатын болады. Нысан пайдалануға 2015 жылы беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, Алматыда биыл Сейфуллин-Жансүгіров, Бөкейханов-Солтүстік айналма жол, Әл-Фараби - Ремизовка, Рысқұлов - Емцов көшелеренің қиылысында 4 айналма жол салынады деп жоспарлануда. Бұл жұмыстарға барлығы 900 млн. теңге бағытталмақ. Қалалық автожолдар басқармасы басшысы Владимир Меренковтың айтуынша, бұл қаржы құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңіне дайындық жұмыстарына, сол жердегі үйлерді сүруге, тұрғындарға өтемақы төлеуге, коммуникациялық желілерді қайта жүргізуге бағытталады.

Соңғы жаңалықтар