Алматыда толассыз жауған қарды 460 техника күреп жатыр

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түні бойы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметкерлер арнайы техниканың көмегімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеді.

Осы уақытта қала бойынша қар тазалаушы машиналардың 18 колоннасы қозғалды. Нәтижесінде 1260 текше метр қар шығарылды.

Қазіргі уақытта қоғамдық орындарды, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазарту жұмысы жалғасып жатыр.

Түнде қала көшелерінде барлығы 360 адам және 460 арнайы техника, оның ішінде 204 сыпыру-жинау машинасы жұмыс істеді.

Қар толассыз жауып тұр. Қалада 15 см қар жауды, таулы жерлерде - 20-25 см.


Соңғы жаңалықтар