Алматыда тоғаннан ер адамның денесі табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Терренкур тоғанынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеуді бастады. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматтың кім екені анықталды. Ол 1963 жылы туған. Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетсек, су бетінде қалқыған мәйітті сол маңайда демалып жүрген тұрғындар байқап, видеоға түсіріп алған.

Ал, бұған дейін Алматыда самокатпен келе жатқан 27 жастағы бойжеткен тоқтап тұрған көліктің есігіне соғылып, алған жарақатынан көз жұмды деп хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар