Алматыда төбелескендердің бірі көлік астына түсіп мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда төбелескендердің бірі көлік астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға куəгерлерінің айтуынша, Райымбек көшесі бойында бірнеше адам жанжалдасқан. Бір топ адамның  ішінен екі адам сытылып қашып шыққан. Олардың бірі жол бойымен жүгірсе екіншісі тура жолды кесіп өтіп қашқан. 23 жастағы  жігіт Райымбек көшесімен шығысқа зулап бара жатқан ауыр жүк көліктің астына түскен. Ер адам ауыр жарақаталып, сол жерде көз жұмды.

Жол апатының мəн-жайын полиция тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар