Алматыда төбелескен түлектер видеоға түсіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы саябақтардың бірінде түлектердің төбелескені видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Тұңғыш Президент саябағында шыққан жанжалға Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінің түлектері қатысқан.

«Жанжал мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің және саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген ювеналдық полиция қызметкерлерінің көмегімен сол жерде шешілді. Жасөспірімдер бір-біріне ешқандай айып тақпайтындарын айтқан», - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Түлектер арасындағы жанжалдардың алдын алу бойынша жұмыстар сынып жетекшілер мен ата-аналарға жүктелді.

Фото: instagram- kris_p_almaty

Соңғы жаңалықтар