+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматыда ТМД елдерінің қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

2019 жылғы 2 қазан 16:09
Бөлісіңіз:
Алматыда ТМД елдерінің қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында Үйлестіруші орталығының ТМД-ға қатысушы мемлекеттері Қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздігі әскерлері басшыларының 10-шы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдері Қарулы Күштерінің делагациясы мен ТМД қорғаныс министрлігі кеңесінің хатшылығы заманауи жағдайлардағы РХБ қауіпсіздігінің басты қауіптерін талқылады. Одан басқа, ТМД-ның біріктірілген радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалдары дамуының басты бағыттары анықталды және өзара іс-қимыл жоспары нақтыланды.


Кездесуді қорытындылай келе, ТМД елдері Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздігіне бағытталған келіссөз табысты өтті.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс басшыларының Үйлестіруші комитеті 2008 жылы қарашада құрылды. Жиын жыл сайын әліппедегі кезек реттілігімен әрбір мемлекет қатысушылары өткізеді. Өткен жылы талқылау Минск қаласында болды.

Үйлестіруші комитет келісімшарттағы қатысушы мемлекеттердің аумағында радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалға күнделікті бақылау жүргізуді, өзге мемлекеттердің аймағында ахуалдың өзгеруі және радиоактивті заттардың, улы химикаттар мен биологиялық құралдардың таралуындағы қауіптілік туралы ақпараттарды аталған мемлекеттердің әскери басқару органдарына уақытылы жеткізу сынды бірқатар міндеттерді атқарады.

Бұдан басқа, комитет әскерлердің жауынгерлік дайындығын жоғарылатуды, ақпарат алмасудың нысандары мен әдістеріне бірыңғай тәсілдерді әзірлеумен айналысады. Жедел есептерді жүргізу әдістерін, сондай-ақ біріккен жүйенің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіруді орындайды.

Аталмыш комитет құрамына кіретін мемлекеттермен тұрақты негізде ТМД-ның жағдайында радиациялық, химиялық және биологиялық біріккен жүйесі әскерлерінің өзара іс-қимылдарын пысықтайтын бірлескен жаттығулар мен жиындар жүргізілетінін айта кеткен жөн.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT