Алматыда ТҚО қызметкері көлік ұрлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік ұрлаған техникалық қызмет көрсету орталығының қызметкері Маликов В-ға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Жетісу ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Г.Мүсірепова айыпталушыны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 185 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаған.

Қылмыстық кодекстің 63-бабының ережелерінің негізінде, тағайындалған бас бостандығынан айыру шартты деп саналып, сотталушыға 3 жылға сынақ мерзімі тағайындалған. Пробациялық бақылау белгіленген.

«Виктория-95» ЖШС-нің көлік-жөндеу орталығында жуушы болып жұмыс жасайтын азамат жөндеу жұмысын жүргізу үшін қалдырылған жекеменшік «Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің кілтін алған. Көлік иесінің рұқсаты мен көлік құжаттарының жоқ екендігіне қарамастан, аталған автокөлікті көлік-жөндеу орталығының аумағынан айдап шыққан. Кейін Қарағанды тас жолында ағашқа соғылып, апатқа ұшыраған. «Сонымен, В.В. Маликов автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп жәбірленуші Е.В.Ларионоваға 973 648 теңге мөлшерінде ірі зиян келтірген», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар