Алматыда тіркелген қарудың 98 пайызы тапсырылды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы күзет ұйымдары мен қару дүкендері иелерімен қаруды сатып алу акциясын талқылады.

«Травматикалық жəне газ травматикалық қарудың 98%-ы сатылып алынды. Акция басында сылбыр өтіп жатыр еді. Жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының арқасында мамыр айынан бастап халықтың белсенділігі арта бастады. Бұл шараға үлесін учаскелік инспекторлар да қосты. Олар тізімдегі қару иелерімен жеке жұмыс жүргізді. Бүгінде акция аяқталар тұста қару-жарақпен қатысы бар азаматтық қоғаммен бұл тетіктің тиімділігін талқылау керек болып отыр»,- деді ІІД өкілі Төрехан Исин.

Сұхбат алаңының қатысушылары қару өткізудің халыққа келтірген материалдық тиімділігін тілге тиек етті.

«Қаруын өткізген азаматтарға 1-санатқа жататын қару үшін қарудың құнының 90%-ы, 2-санаттағы қаруға -70%-ы, 3-санаттағы қаруға - 50 %-ы төленеді. Ал қаруын өткізбеген тұлғалар 2016 жылдың қаңтарынан бастап ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Аталған бап 2000 АЕК есебінде айыппұл немесе 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын көздейді»,- деді қалалық ІІД Əкімшілік полиция өкілі Рақым Толықұлов.

Соңғы жаңалықтар