Алматыда Тимирязев көшесінде жол қозғалысы шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда демалыс күндері Тимирязев көшесінде жол қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Тимирязев көшесіндегі 8 мамыр сағат 17:00 мен 9 мамыр сағат 07:00 аралығында Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін автокөліктің қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Жол қозғалысы BRT линиясы бойынша инженерлік желілерін қайта құрылымдау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты шектеледі.

Соңғы жаңалықтар