+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

2019 жылғы 19 қыркүйек 08:52
Бөлісіңіз:
Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда антитеррористік оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 19 қыркүйегінде Жетісу ауданы, Райымбек көшесінде (259, 261, 263) жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығу өтеді. Оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде террористік қауіп туындаған кезде өзара әрекеттесу дағдыларын пысықтау. Сондай-ақ, оқу-жаттығу міндеттері лаңкестік әрекеттерге осал нысандарда терроризм актісінің алдын алу тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Сонымен бірге, шара өтетін кезеңде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жаттығулар өткізуге тартылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын тұлғаның заңды талабына бағынбаған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылатынын атап өткен жөн.


Авторы Данияр Дауталиев


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT