Алматыда тергеу изоляторынан қашқан қылмыскер ұсталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ЛА-155/18 мекемесінен қашқан қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыскерді түнгі уақытта Алматының криминалдық полиция қызметкерлері ұстады.

«Түрксіб ауданының қылмыстық полиция басқармасы мен полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыскерді Солтүстік айналым көшесіндегі Қарасу шағынауданында ұстады. Қашу фактісі ҚР ҚК 426-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Қылмыскер адам өлтіргені үшін биыл қыркүйек айында сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қашу фактісі бойынша ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізетін болады.

Еске салайық, Алматыда сотталған адамның тергеу изоляторынан қашып кеткенін хабарланған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар