Алматыда теректер заңсыз оталған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы Гагарин-Березовский көшелерінің қиылысындағы теректердің заңсыз оталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған мекенжайда 3 терек оталғаны анықталды. Бұл ағаштарды кесу үшін басқармаға өтініш түспеген. Яғни, басқарма рұқсат бермеген. Табиғатты қорғау прокуратурасының хабарлауынша, ҚР ӘқбК 386-бабына сәйкес жеке тұлғаға айыппұл салынды»,- деді басқармадан.

Енді айыпты тұлғалар өтемақы ретінде жалпы қолданыстағы жерлерге жаңа көшеттер отырғызуға міндеттеледі.

Ол орындарды басқарма анықтайтын болады.

Алматыда ағаш кесу деректері көпшіліктің наразылығын тудырады.

Айта кету керек, 23 қарашада «Sulpak» сауда үйініңі алдындағы қарағаштар заңсыз оталған болатын. Кейінірек қалалық Жасыл экономика басқармасы мердігер компанияларға айыппұл салды.

Бұл дерек көпшіліктің наразылығын тудырды.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айыптыларға қатысты қатаң жаза қолдануды тапсырған болатын.



Соңғы жаңалықтар