+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Алматыда теракт жасамақ болған азаматтың жолы кесілді

2019 жылғы 11 қазан 10:38
Бөлісіңіз:
Алматыда теракт жасамақ болған азаматтың жолы кесілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік қызметі терроризм актісін дайындау жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҰҚК: 14 азаматқа терроризм бойынша айып тағылды Қызылордада жазасын өтеу мекемесінде терроризмді насихаттаған екі адам сотталды Террористік тұрғыдан осал дәмхана иелері жауапқа тартылуда

«Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық сотының А.Ж. Битимбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттау туралы үкімі заңды күшіне енді.Ол ҰҚК назарына деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде ілікті», - делінген хабарламада.

Тексеру барысында оның Интернетте «ДАИШ» үгіт-насихатының ықпалымен халық көп шоғырланған орындарда жарылғышты пайдаланумен терактілер дайындауы туралы ақпарат алынды.

Қарулы шабуыл жасағаннан кейін ол шетел содырларының қатарына өту және террористік әрекетін жалғастыру үшін Сирияға жетуді жоспарлаған.

Битимбаевтың көрсетілген ойларын болдырмау үшін оны ағымдағы жылдың сәуірінде Алматыда ішкі істер органдарын тарта отырып, ҰҚК күшімен ұстау жүргізілді.

Тінту кезінде одан атыс қаруы мен травматикалық қару, қолдан жасалатын жарылғыш құралдар жасауға арналған құрамдас бөлшектер, үш сауда-ойын-сауық орталығының сызбалары, бетперде мен қолғап алынды.

Битимбаевтың кінәсі куәгерлік түсініктермен, заттай және өзге де дәлелдермен толықтай дәлелденді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT