+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Алматыда телемедицина орталығы коронавирус жұқтырған науқастарға тәулік бойы көмек көрсетеді

2021 жылғы 22 қаңтар 10:29
Бөлісіңіз:
Алматыда телемедицина орталығы коронавирус жұқтырған науқастарға тәулік бойы көмек көрсетеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында құрылған денсаулық сақтау саласының бірқатар нысанын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да биыл коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты БҚО-ға коронавирусқа қарсы егілетін 5500 доза вакцина жеткізілді Жамбыл облысында екі айда 54 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Мегаполис әкімі I nstagram-дағы парақшасында телемедицина орталығында, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ашылған оңалту орталығында болғанын хабарлады.

«КВИ-ге қарсы іс-қимылдағы маңызды жұмыстың бірі – телемедицина орталығын құру болды. Жаңадан құрылған бірегей орталықта болдым. Бұл жер пандемия кезінде қауіпті індетке шалдыққан науқастарға қашықтан көмек көрсетеді», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, арнайы дайындықтан өткен 52 дәрігер тәулік бойы аудио немесе бейнебайланыс арқылы амбулаториялық емде жатқан науқастың жағдайын бақылап, оларға кеңес береді. Бүгінде 816 адам үйде емделуде. Өткен жылдың 1 қарашасынан бастап үй карантиніндегі 3,7 мың қала тұрғынына қашықтан мониторинг жүргізілді.


Сондай-ақ, Алматы әкімі Б. Сағынтаев қалалықтарға алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін тиісті барлық жағдайлардың жасалатынын айтты. Бұл міндет жақын маңда емханалар жоқ ықшамаудандарда отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларды ашу арқылы шешілуде.

Мәселен, Түрксіб ауданында заманауи құрылғылармен жабдықталған «Алтай» отбасылық амбулатория 11 мың адамға қызмет көрсетеді. Соңғы екі жылда мұндай 16 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Биыл тағы төртеуін ашу жоспарда.


Қала әкімі Б. Сағынтаев жеке капиталдың қатысуымен құрылатын оңалту орталықтары жүйесінің ұлғайғанын хабарлады. Былтыр МЖӘ аясында «Аруана» көпсалалы орталығы ашылды. Орталық 50 төсек-орынға есептелген, соның ішінде инсульт, кардиология мен травматологиялық науқастарды емдеуге арналған 41 орын бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT