Алматыда техникалық қызмет көрсету стансасы өртке оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сейфуллин-Жансүгіров көшелерінің қиылысында орналасқан техникалық қызмет көрсету стансасы өртеніп жатыр. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады. Төтенше жағдай туралы хабарлама кезекші пультына 17:41-де түскен.

Қазір өрт сөндіру бригадасының бірнеше арнайы техникасы мен жеке құрам қызметкерлері оқиға орнына жетті. Төтенше жағдайға күрделіліктің 1 дәрежесі берілді.

Соңғы жаңалықтар