Алматыда техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Саин мен Жандосов көшелерінің қиылысында техникалық қызмет көрсету орталығы мен көлік жуу орны өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

null

Өрт Саин көшесінде орналасқан ТҚО тұтанған. Өрттің шығу себебі әзірге нақты белгілі емес. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. ТҚО-да тұтанған өрт көлік жуу орнына ұласқан. Өрт басталғанда ТҚО-да «Митсубиши делика» көлігі болған. Өрт сөндірушілер оны көліктерімен сүйреп, өрттен сақтап қалды.

null null null 

Өрттің шығу себебі дәл қазіргі уақытта анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар