Алматыда техника дүкендерінің тауарын қойнына тығып алып кетіп жүрген ұры ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 32 жастағы ақмолалық техника дүкендерін тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz. сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен Ақмола облысының тұрғынын анықтады және ұстады.

«Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат техника дүкендерін аралап жүріп, сөрелерден ұялы телефондар, құлаққаптар және басқа да керек-жарақтарды ұрлап, олжаны күртешеге немесе рюкзакқа салып, қылмыс болған жерден жасырынып жүргені анықталды. Әр жолы ер адам осындай әдіспен әрекет еткен. Қазіргі уақытта тергеу ұсталған азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 8 эпизодына қатысы барын дәлелдеді», – деді М.Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Белгілі болғандай, күдікті ұрланған мүлікті сатып, одан түскен ақшаны өз қажеттіне жұмсаған. Күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар