Алматыда тегін дәрілер ісіне қатысты куәгер қызметкер сотта күдіктіге айналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновтың ісі жалғасып жатыр. Сот отырысында басқарма қызметкері, бұған дейін куәгер болып келген Бағлан Серікпаев енді күдіктіге айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі отырыста медициналық мекемелерде тексеру жасаған Бостандық аудандық прокуроры Айдос Төлепбергеновтен сұрақ-жауап алынды.

Оның айтуынша, прокуратура органдары қаладағы 37 емхананы тексеру туралы тапсырма берген.

«ҚР Бас прокуратурасына тегін дәріні ала алмай отырған азаматтардан көп шағым түсе бастаған. Біз тексеруді бастадық. Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы қажетті құжаттарды көрсетуден бас тартты. Жауапты тұлғалар мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттардың барлығы архивте жатқанын айтты. Олар 1 ай бойы пара ұсынды, мен бас тарттым. Тексеру барысында тегін дәрі таратуда заңбұзушылықтар бары анықталды. Азаматтар бұл дәрілерге қол жеткізе алмаған. Параны басқарма қызметкері Бағлан Серікпаев пен бөлім басшысы Жанар Боранбаева ұсынған. Маған тендер қорытындысы туралы хаттаманы беруден бас тартты», - деді Айдос Төлепбергенов.

Прокурордың айтуынша, Серікпаев ақша көлемін қағазға жазып көрсеткен. Алайда, Боранбаева мен Серікпаевтың екеуі де Мусиновтің пара туралы білгенін айтты. Мусиновтің айтуынша, ол прокуратураның тексеруден соң пара талап еткенін қоластындағы қызметкерлерден естіген.

Мұның алдындағы сот отырысында Серікбол Мусинов өзіне тағылған айыпты мойындамаған болатын.

Белгілі болғандай, 17 сәуірден бастап бұған дейін куәгер болып келген Бағлан Серікпаев күдіктіге айналды.

Еске салайық, Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты пара берді деген күдікпен іс қозғалған болатын.

Басқарма басшысы қызметінен 2018 жылы 20 қыркүйекте босатылды. Ол қалалық басқарманы 2017 жылдың қарашасынан бері басқарып келген еді. Қызмет жолын Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық ауруханасында интерн-дәрігер болып бастаған. Әр жылдары Семей облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Астана қаласы Фармацевтикалық бақылау басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар