Алматыда тегін дәрі-дәрмек көлемі артты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тегін дәрі-дәрмек көлемі артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мәслихаты мәлімдегендей, Алматы әкімдігінің ұсынысы бойынша депутаттар сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбесін кеңейтуді бекітті.

Сондай-ақ, медициналық препараттар көлемі ұлғайды.

1,3 млрд теңге мөлшерінде бөлінген қосымша қаражат жұлын бұлшықетінің атрофиясын, I санаттағы қант диабетін, симптоматикалық эпилепсия мен басқа да ауруларды емдеуге бағытталатын болады.

Айта кетейік, мұның алдында Алматы мәслихатының депутаттық корпусында бірқатар өзгерістер болған еді.


Соңғы жаңалықтар