Алматыда Тәжікстанның 12 азаматы заңсыз жұмыс істеп жүрген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қалада заңсыз тұрып келген Тәжікстан Республикасының 12 азаматы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы Ақтоғай кентінде электр станциясын салу үшін Қазақстанға келген. Содан бастап ел аумағында белгіленген мерзімнен артық, ішкі істер органдарында тіркеусіз жүрген.

– Тексеру кезінде Тәжікстанның 6 азаматында жеке басын куәландыратын құжаттары болған жоқ, олар өздерінің кім екенін анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін тағы 6 адам ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Шетелдіктер тұрған тұрғын үй-жайдың иесі ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы және 518-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК – нің 519-бабының 1-бөлігі нормаларын бұзған жұмыс беруші де жазаланды», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінде Тәжікстанның 10 азаматы заңсыз тұратыны анықталды. Олардың екеуінде құжаттары болған жоқ, олардың кім екенін анықтау үшін қабылдау-тарату орнына жіберілді. Ал 6 шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша арнаулы ауданаралық сотына жіберілетін болады.


Соңғы жаңалықтар