Алматыда тәулік ішінде 15 см қар жауды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі тәулік бойы жауған қарды тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешелі бері қалада 15 см қар түскен.

«Қарбалас уақыттан соң қалада қар тазалауға арнайы 651 техника мен 2000-нан аса жұмысшы жұмылдырылды. Түнгі уақытта 5464 текше метр қар шығарылды. Кешеден бері 9310 тонна көктайғаққа қарсы құм төгілді», - деді қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.

Аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Алматыдан кеше күні бойы толассыз қар жауған болатын.

Соңғы жаңалықтар