Алматыда Таугүл ықшам ауданындағы жылу жүйесі қалпына келтірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Таугүл ықшам ауданындағы жылу магистралі қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің апатты жою бригадасы түнімен жөндеу жұмыстарын жүргізген. Айта кетейік, Таугүл ықшам ауданы аумағындағы Пятниский көшесі мен Әуезов ауданындағы Сүйлейменов көшелері астынан өтетін жылу магистарлінде құбырлар жарылған болатын.
null 

Коммуналды қызмет жұмысшылары апатты жою жұмыстары түнімен жүргізілгенін айтты. Мамандардың сөзінше, жаңа құбырлар ауыстыру жұмыстары жер астындағы өзге де коммуникация желілерімен жапсарлас жатқандықтан қиынға соққан.

«Қазіргі уақытта апатты жою жұмыстарына заманауи техникалар қолданылады, алайда асығыс жасау өте қауіпті өйткені, өзге де жылу желіліеріне зақым келуі ықтимал», - деді қалалық әкімдіктегілер.

Коммуналды апатты жою жұмыстарының тез арада аяқталуы үшін Таугүл ықшам ауданы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Штаб жұмысы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиевтің бақылауында болды.
null 

Еске сала кетейік, Пятницкий мен Сүлейменов көшелерінің қиылысына жақын орналасқан аумақта диаметрі 500 мм болатын құбыр жарылған болатын. Осыған байланысты 1300 нысан жылыту жүйесінен ажыратылды. Атап айтқанда, Новаи, Жандосов, Береговой, Рысқұлбеков көшелері аумағында орналасқан көпқабатты үйлер мен мекемелер жылусыз қалып, аталған аумақтағы мектеп пен балабақша жұмыстарын уақытша тоқтатты. Дегенмен, сағат 15-00-де жылу жүйесін өзге жүйеге қосу арқылы тұрғын үйлерге жылу берілді.
null 

Соңғы жаңалықтар