Алматыда тауға серуенге шыққан 5 қыз адасып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының құтқару қызметі Көк Жайлауда адасып кеткен бес қызды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 маусым сағат 19:48-де Алматының құтқару қызметіне әйел адам хабарласып, қасында 15-16 жастағы төрт құрбысы бар қызының тауда жоғалып кеткенін, олармен байланыстың үзілгендігі туралы хабарлады. Жеткіншектер күндіз тауға шығып, кешке қарай таудан түскен кезде жолдан адасып қалған екен.

Күннің батып кетуі жолдан адасып кеткендерді іздеуге қиындық туғызды. Сондықтан құтқарушылар қосымша қызметті шақырды. Бірнеше бағыттарға бөлініп, жұмыс жасаған құтқару қызметі қыздарды тапты. Барлығы дін-аман үйлеріне оралды.

Айта кетейік, іздеу жұмыстарына 2 техника және қаланың құтқару қызметі жеке құрамының 8 адамы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар