Алматыда Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Медеу ауданының тұрғындары Тәуелсіздік мейрамын мерекелік концертпен атап өтті. Бүгін оқушылар сарайында «Тәуелсіздік туы мәңгі желбіресін!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекеге аудандағы мүмкіндігі шектеулі, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, ауданның студент жастары - барлығы мыңға жуық балалар қатысты.

«Біздің мақсатымыз - жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Азаттықтың ақ таңы қандай қиындықтармен келді?! Бұл мәдени шарада тек мерекелік ән-күй емес, патриоттық сезімді оятатын әндер орындалды. Жас ұрпақ соны біліп, санасына тоқып өсуі керек», - деді ұйымдастырушылар.

Шара барысында мемлекетіміздің Әнұраны ойналып, Ұлттық Ұлан сахнаға мемлекеттік рәміз - Көк байрақты алып шықты.

«Күй тартыс», «Гүлдер» ансамблі, «Т-Т» тобы және танымал әнішлер Дастан Оразбеков, Нұрлан Албан, Ұзақбай Жалғас, Данияр Исмаилов, Әли Оқапов, Жұбаныш Жексенұлы қалың көпшілікке музыкалық тарту тартты.

Соңғы жаңалықтар