+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Алматыда таудың құнарлы топырағын ұрлағандар жазаланады

2019 жылғы 22 қазан 17:38
Бөлісіңіз:
Алматыда таудың құнарлы топырағын ұрлағандар жазаланады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Бостандық ауданында таудың құнарлы топырақ қабатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Байқоңырдағы мектептерде қауіпті қалдықтар заңсыз сақталған 16 қарашада түнде елордада жағымсыз метерологиялық жағдай күтіледі Су – тауар емес, өмірлік ресурс екенін түсінетін уақыт келді – Ерлік Қаражан

«Табиғат» экологиялық одақ төрағасының орынбасары Тимур Елеусізов өзінің Instagram парақшасында таулы аумақтағы құнарлы топырақ қабатын сату үшін қазып тастағаны туралы видеожазба жариялаған еді.

Аталған факті бойынша тергеу басталды. Бұл іс Алматы мамандандырылған экологиялық прокуратурасының бақылауында.

«Алматы қаласының мамандандырылған экологиялық прокуратурасы экологиялық полиция бөліміне және Алматы қаласы бойынша қала құрылысы басқармасының жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жауаптыларға шара қолдану және оларды жауапкершілікке тарту туралы нұсқау берді. Заңбұзушылық үшін 10-нан 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынады», - деп хабарлады қалалық прокуратура.

Бұған дейін Алматыда белгісіз біреулер жекеменшік алма бағының ағаштарын кесіп тастаған болатын. Полиция тұрғындардың шағымынан кейін тергеуді бастады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT