+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Алматыда таудан табылған келіншек әлі жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылғы 13 шілде 10:33
Бөлісіңіз:
Алматыда таудан табылған келіншек әлі жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тауынан табылған турист Әлия Қамиева әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денсаулығында ешқандай оң өзгеріс байқалмайды. Есін жиды. Сөйлей алады. Алайда әлі де жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр», - деп хабарлады №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.

Бұған дейін, турист қызды таудан түсіру үшін тікұшақ жіберілгенін жазған болатынбыз.

Еске салайық, 31 жастағы Әлия Қамиева 5 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Оның анасы 7 шілде күні құтқарушыларға жүгінді. Куәгерлер алматылық қызды соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көрген.

Іздестіру-құтқару жұмысына құтқарушылардың максималды күш-құралдары жіберілді.

Атап айтар болсақ, онда республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, кинологиялық есеп, «109» құтқару қызметі, 75 волонтер бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT