+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматыда тауда жоғалған қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

2019 жылғы 18 қараша 12:56
Бөлісіңіз:
Алматыда тауда жоғалған қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тауда жоғалып кеткен турист қыз Әсел Панарғалиева әлі табылмай жатыр. Бойжеткенді құтқарушылар бір аптадан бері іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай, әлі табылмады. Іздеу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз», - деді ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағы баспасөз қызметі.

Еске салайық, бойжеткеннің жоғалғаны туралы 10 қараша күні белгілі болды. Ол тау туризммен айналысып жүрген. 9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған.

Одан кейін байланысқа шықпаған. Бұған дейін жүргізілген іздестіру жұмыстары қыздың туыстарының өтініші бойынша тоқтатылған болатын.

Бірақ кейін Ә.Панарғалиеваның жақындары іздестіруді жалғастыруды қайта сұрады.

Сонымен қатар, қызды іздестіруге альпинистер де жұмылдырылды.

Мұның алдында Космостанция ауданында 9 қарашада сағат 13:00-дер шамасында қыздың таудан түсіп келе жатқанын адамдар көрген. Одан кейін полиция қыздың телефоны арқылы қаланың әр бұрышынан телефон қоңыраулары жасалғанын анықтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT