Алматыда тауда адасып кеткен туристер табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Көкжайлаудан Алмаарасанға бара жатып тауда адасып кеткен туристер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі сағат 22-лер шамасында Республикалық құтқару жасағына туристердің жақындары хабарласқан.

Белгілі болғандай, 27 және 35 жастағы ересек пен 7 жасар ұл бала «Просвещенец» демалыс үйінен Көкжайлау шатқалына қарай жоғары шығып кеткен.

Қараңғылық қоюланған кезде тауға шыққан үшеу келген жолынан адасып қалған. Кинолог маман және иісшіл ит, жедел топтың 8 мүшесі адасқандарды тез арада тауып алды. Абырой болғанда, оларға медициналық көмектің қажеті болмады.

Құтқарушылар тауға шықпақ болған туристерге бірқатар кеңес береді. Олардың айтуынша, ең алдымен жақындарына маршрутты айтып кетуі тиіс. Күн ыстық күндері міндетті түрде су алуы керек. Сонымен қатар, әр 100 метр көтерілген сайын ауа температурасы 0,5 градусқа төмендейтінін де ұмытпау керек.

Соңғы жаңалықтар