Алматыда тау шаңғысы курортын дамытуда әлемдік тәжірибе қаперге алынбақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тау шаңғысы курортын дамытуда әлемдік тәжірибе қаперге алынбақ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен тау шаңғысы курортын дамыту жайлы семинарда айтылды.

Сондай-ақ, бүгін қалалық туризм басқармасы мен халықаралық туристік ұйымның мүшелері БАҚ өкілдерін «Шаңғы мен сноубордтағы алғашқы қадам» атты балалар алаңы мен «Сұңқар» тау шаңғысы кешенінің жұмысымен таныстырды.

«ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1761 қаулысына сәйкес елімізде тау шаңғысы туризмін кешенді дамытуға бағытталған жаңа тұжырымдама жасалуда. Қазір қалалық туризм басқармасымен Жоңғар және Іле Алатауы тау сілемдерінде тау шаңғысы туризмінің кластерін дамыту бағытында жұмыстар жасалып жатыр. Әрине,біздің аймағымыз әлемдік сарапшылар тарапынан өте жоғары бағасын алуда», - деді қалалық туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Алшымбаева.

Оның айтуынша, Қазақстанда «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының салынуы тау шаңғысы туризмі мен тауда демалу мәдениетін дамытуға үлкен септігін тигізбек.

«Алматы аймағындағы таулардың болашағы өте зор. Сондықтан, біз бұл ресурстарды тиімді пайдалануымыз керек. Бұл жерде шетелдік мамандардың пікірі мен ұсынысы қаперге алынатын болады»,- деп қорытындылады ол.

Соңғы жаңалықтар